Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлер жайы алаңдатады

Кәсіпкерлер жайы алаңдатады

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевқа аймақтағы бизнес ахуалдың жағдайын айта келе, өзекті мәселелерді шешуде көмек сұрады.
Онлайн кездесуде Өңірлік кеңес төрағасы Қайрат Боранбаев төтенше жағдайға дейін облыста 46 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасағанын, онда 94 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылғанын, алайда орын алған жағдайға орай жыл басынан бері 4 мың адам жұмыстан қысқартылғанын жеткізді.
Қазірдің өзінде мейрамхана, кинотеатрлар мен өзге де ойын-сауық орталықтарының жұмысына шектеу қойылғанын айтқан кәсіпкер, аймақтағы 145 мейрамхананың 9-ы қызметі өзге салаға бейімделіп жатқанын да жеткізді.
Кездесуде Қайрат Жомартұлы осындай қиын сәтте кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауды да сезініп жатқанын, дәлірек айтқанда 8 мыңнан астам кәсіпкер субъектісі несиесін төлеу мерзімін ұзарта алғандығын, 51 мыңы салық төлемдерінен жеңілдік алғанын, 9 мыңы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудан босатылған, сауда алаңдарында 8 мыңға жуыққа жалға алған ғимараттарында жеңілдік жасалғандығын да атап өтті.
Мұнан өзге, облыста бизнесті қолдауға арналған 2023 жылға дейінгі арнайы жоспар қабылданғандығын, бұл жоспардан кәсіпкерлер көп үміт күтетінін де айтып өтті.
«Дегенмен мемлекеттік қолдау туралы айтқанда үнемі назардан тыс қалатын кәсіпкерлеріміз бар. Ол Байқоңыр қаласындағы әріптестеріміз. Ол жақта 500-ге жуық субъекті тіркеліп, жұмыс жасап жатыр. Төтенше жағдай, одан кейінгі карантин кезеңдерінде Байқоңырда қабылданған екі елдік әртүрлі норматьивтік құжаттарының салдары сол жердегі кәсіпкерлерге айтарлықтай салмақ салып отыр. Мәселен, байқоңырлықтардың басым бөлігі бизнесін жанында орналасқан Төретам кентінде жүргізеді. Пандемия жағдайында қала толықтай жабық болды. Ал қаладағылар кәсіпкерлер кезең-кезеңімен жұмысын жалғастырғандықтан, жанында тұрған Төретамға да бара алмады. Тіпті қазірдің өзінде байқоңырлық кәсіпкерлердің өз аттарында жылжымайтын мүлкі болмауы салдарынан мемлекеттен көрсетіліп жатқан қаржылық қолдау тетіктерін де қолдана алмайды. Бұл жағдайда республикалық деңгейде қандай да бір нормативтік құжатты қабылдау барысында байқоңырлық кәсіпкерлердің жағдайы арнайы қарастырылса дұрыс болар еді. Қазір қолдаудан қағылып отырған бизнес нысандарын ертеңгі күні жабылып қалу қаупі бар», – деді Өңірлік кеңес төрағасы Қайрат Боранбаев.
Мұнан өзге, онлайн кездесуде қызылордалық кәсіпкерлер бәсекелестік ортаны дамыту үшін экономиканың басым секторларында мемлекеттік қатысуын азайту, жоба саласындағы кәсіпкерлердің проблемасын да жеткізді.
Кездесуді қорытындылаған «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев: «Құрметті әріптестер, кездесуде көрсеткен белсенділіктеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Біз басқармамен және дирекциямен өңірлік кеңес мүшелерін қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру жөнінде келісіп отырмыз. Өңірлік кеңес мүшелерінен аймақтағы кәсіпкерлердің мәселелеріне, жалпы бизнестің хал-ахуалына талдау жасап отыруды сұрағым келіп отыр. Қай саланың көбірек зиян шегіп жатқанын біліп отырсаңыздар. Үкімет кәсіпкерлікті қолдауда бірқатар шаралар қабылдады. «Атамекеннің» атынан берген ұсынысымыз қазір жүзеге асып жатыр. Енді оның тиімділігін қарау керек. Бұл қолдаудың тиімсіз немесе қолданысқа жарамайтын тұстарын ертерек анықтап, түзетулер енгізіп отыру қажет. Сол үшін де сіздермен кездесіп, пікір алмасу аса маңызды. Бизнесті қолдауға арналған бағдарламалардың тиімділігіне қатысты бағаны кәсіпкерлердің өзі беруі тиіс деп санаймын», – деді.

Қадырхан ЕҢСЕПОВ,
Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының
Қазалы ауданындағы филиал директоры

29 қыркүйек 2020 ж. 554 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930