Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі қаладағы бірқатар нысандарды аралады

Облыс әкімі қаладағы бірқатар нысандарды аралады

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы бірқатар медициналық нысан мен дәріханаларды және сауда орталықтарын аралады.
Алдымен өңір басшысы қала тұрғындары жиі баратын «Magnum», «Small» сауда орталықтарына барып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасымен танысты.
Сауда орталықтарының бағасын бағамдаған аймақ басшысы облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы мен қала әкіміне азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз өсуін болдырмауды және бірінші қажеттілік нан, сүт өнімдерінің бағасын үнемі қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдайға сәйкес кауіпсіздік шараларды қатаң бақылауда ұстау қажеттігін де ескертті.
Мұнан кейін облыс тұрғындарына алғашқы көмек көрсететін жедел медициналық көмек орталығының жұмысын көрді.
Жедел жәрдем орталығының дәрігерлері бүгінгі күні атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Күніне келіп түсетін қоңыраулардың саны соңғы үш күнде азайғанын, дегенмен диспечерлер мен бригададағы мамандардың әлі де жетіспейтінін айтты.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен қала әкіміне орталықтағы диспетчерлердің санын көбейту үшін шаралар қолдануды тапсырды. Сонымен қатар, жұмысқа медициналық колледждердің түлектерін еріктілер ретінде тартып, оларға қолдау көрсету мақсатында жеке кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс атқару қажеттігін айтты.
Әрі қарай өңір басшысы облыстық медициналық орталықта болып, аурухана жұмысын көрді. Бас дәрігер орталықтың қажетті дәрі-дәрмектерімен толық қамтамасыз етілгенін және емделушілердің саны мен жағдайына қатысты есеп береді.
Мұнан кейін өңір басшысы «Ақ қайың» дәріханасында болды. Дәріхана жетекшісі дәрі-дәрмектердің не себепті жетіспей жатқаны туралы баяндады. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы мен Қызылорда қаласының әкіміне дәрі-дәрмектердің негізсіз өсуін болдырмау мақсатында шаралар қабылдап, бағасын қадағалау және дәрі-дәрмектер бойынша тұрғындар қажет ақпарат алу үшін сенім телефондары мен ватсап желісінен арнайы конференция ашуды тапсырды.
Аймақ басшысы «СК-Фармация» ЖШС қоймасы мен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының, қалалық орталық дәріхананың және қалалық аурухананың жұмысымен де танысты. Дәрігерлер облыс әкіміне дәріхана мен ауруханаларда дәрі тапшылығы мен орын жетіспеушілігі туралы баяндады. Өңір басшысы қала әкіміне тез арада жедел шаралар қабылдауды тапсырды.
Сондай-ақ, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансердің жұмысын көрген аймақ басшысы Бас дәрігеріне және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы мен қала әкіміне шұғыл түрде диспансердегі емделушілерді Талсуаттағы ғимаратқа көшіріп, 120 орындық жұқпалы аурулар стационары етіп өзгертуді, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды (өкпені жасанды желдету аппараты, оттегі және т.с).
syrboyi.kz
07 шілде 2020 ж. 625 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 72

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930