Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Блокпостар ашылмайды

Блокпостар ашылмайды

11 мамырдан кейін Нұр-Сұлтан қаласы карантин режимінде өмір сүре береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаеваға сілтеме жасап.
«11 мамыр күні елорда бұрынғыдай карантин режимінде өмір сүре береді. Себебі карантин әлі алынған жоқ. Бұл дегеніміз - рұқсат берілген кәсіпорындар ғана жұмысын бастайды. Блокпостар алынбайды және 11 мамырда қоғамдық көлік іске қосылмайды», - деп мәлім етті А.Олжабаева. Еске салайық, Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз хатшысы 11 мамырдан бастап карантин режимі жұмсартылатыны туралы ақпаратты теріске шығарған болатын.
«11 мамыр мен 15 маусым аралығында жұмысы қайта басталатын мекемелер туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз. Барлық жаңалықтар жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында, ал мемлекеттік комиссияның шешімі премьер-министрдің сайтында жарияланады», - деді ол.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов 11 мамырдан кейін қоғамдық көліктің қозғалысы жандануы мүмкіндігін бұған дейін мәлімдеген еді.
«Біз 11 мамырдан кейін қоғамдық көліктердің қозғалысын жандандыруды мемлекеттік комиссияға ұсынуды жоспарлап отырмыз. Эпидемиологиялық ахуалды да бақылайтын боламыз. Мұнан ары ұстап тұруға болмайды. Дегенмен, жаңа талаптар болады, жүргізуші қоршалады және байланысты төмендету үшін қолма-қол ақшасыз жолақы төлеу қолданылады. Жолаушылар маскамен, қолғаппен жүрулері қажет. Антисептик қолданғаны жөн», - деген еді қала басшысы.
syrboyi.kz
11 мамыр 2020 ж. 538 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930