Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 16 наурызда «FlyArystan» әуе қатынасын бастайды

16 наурызда «FlyArystan» әуе қатынасын бастайды

Көптен бері қызылордалықтардың көкейінде жүрген «Қорқыт ата» әуежайын жаңарту мәселесі көп ұзамай шешімін таппақ. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде биыл жолаушылар терминалы салынатынын облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов ел алдындағы есепті кездесуде айтты.

– «Қорқыт Ата» әуежайының жолаушылар терминалын салу тұрғындар назарынан түспей келе жатқан мәселе екенін білемін. Жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асыру жоспарланып отыр, – деді аймақ басшысы.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлағандай, жобаға қатысушы жеке­меншік әріптес ретінде «BI Group» компаниясына еншілес «BiGlobal» серіктестігі анықталды.

– Жобаның қатысушысы жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмысын бастап кетті. Құрылыс-монтаждау шаралары биыл басталады, – деді басқарма басшысы Ержан Әбдіхалықов.

2014 жылы «халықаралық» мәртебесін алған әуежайда ұзындығы 2700, ені 45 метр болатын ұшу-қону жолағы, рульдік жолдар, перрон мен әуе кемелеріне арналған тұрақ орындары бар. Алайда, қолданыстағы жолаушылар терминалы халықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарына сай келмейді. Сондықтан сағатына 300 жолаушы қабылдай алатын 2 телескоптық пандусы бар 2 қабатты ғимарат салу көзделіп отыр. Тиісті ұйымдардың қоры­тындысы қолға тиген соң конкурстың екінші кезеңі өтеді.

Еліміздегі алғашқы лоукостер – «FlyArystan» ком­паниясының Қы­зылордадан әуе рейсін ашуы қызыл­орда­лықтарды қуантты. Екіжақты келісімшарт негізінде 16 наурыздан бастап – Алматы-Қызылорда-Алматы, 19 наурыздан кейін – Нұр-Сұлтан- Қызылорда-Нұр-Сұлтан бағыттары бо­йынша күнделікті ұшақ қатынай бастайды. Ал 30 мамырдан бастап ресейлік «Аэрофлот» компаниясы Мәскеу-Қызылорда - Мәскеу бағытында аптасына 4 рет әуе тасымалын орындайды.
syrboyi.kz
28 ақпан 2020 ж. 610 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930