Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Аймақ басшысы шығармашылық өкілдерімен кездесті

Аймақ басшысы шығармашылық өкілдерімен кездесті

Облыс әкімі Қ.Ысқақов аймақтың шығармашылық өкілдерімен кездесті. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында өткен шараға ақын-жазушылар қатысып елдің, аймақтың дамуына, рухани,мәдени өміріне қатысты ойларын ортаға салды.
Бүгінде «Nur Otan» партиясы жанынан республикалық және облыстық деңгейде «Miras» қоғамдық кеңесі жұмыс істейді. «Nur Otan» партиясы жаңа жаңғыру бағдарламасына сәйкес зиялы қауым өкілдерін рухани дамуға қатысты мәселелерді шешуге жұмылдыру жұмыстарын қолға алып отыр.
Аймақ басшысы Сыр өңірі – Қорқыт бабаның қобыз сарыны мен өзінің жыраулық мақамы үзілмеген, қазақ әдебиетінің негізін қалаған Сәкен, Бейімбет, Сәбит Мұқановтардың ізі қалған, Әбділда мен Асқарды, Зейнолла, Қалтай, Әбдіжәмілді дүниеге әкелген киелі топырақ екенін айтты.
«Осы уақытқа дейін ұлттың әдебиетін жасаған қарымды қаламгерлердің көші үзілген емес, заман талабына сай тынысы ашылып, бағыты кеңейіп келеді. Міне, солардың көзіндей болып әдебиет пен өнердің, мәдениет пен ғылымның кәусарынан сусындаған шығармашылық иелері өздеріңіз, бүгінгі Тәуелсіз еліміздің жаршысындай болып отырсыздар. Қазақ әдебиетінде Сыр өңірі қаламгерлерінің де алар орны ерекше және аймақтың шығармашылық интеллигенциясының ұсыныстары мен пікірлері бойынша алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеуге біз дайынбыз»,- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Кездесуде Қаршыға Есімсейітова Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының атқарған жұмыстары мен ұсыныстары туралы айтты. Мәселен, «Әдебиет үйін» салу, Сол жағалаудан «Руханият» аллеясын ашу мен Сыр қаламгерлерін мектептерде, жоғары оқу орындарында жастарға таныстырып «Жазушының мәртебесі» сабағын өткізіп отыру мәселесін көтерді. Сонымен қатар, сатирик – ақын, қарымды қаламгер Орынбасар Әлжіктің 60 жасқа толуына орай шығармашылық кеш өткізу үшін қолдауды сұрады. Аталған ұсыныстар жауапты сала басшыларымен сараланып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты аймақ басшысы. Ал, Орынбасар Әлжіктің мерейтойын биылғы жылы өткізілетін қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына енгізуді тапсырды.
Сондай-ақ, бүгін өңір басшысы Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві, «Сыр Медиа» ЖШС баспаханасы мен облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу мен ақпараттық-талдау орталықтарының, облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттері редакцияларының жұмыстарымен танысты. Содан соң, облыстық көркем-сурет галереясындағы Алтын Орданың – 750 жылдығы, Абай Құнанбайұлының – 175 жылдығына арналған «Қанат жайған руханият» атты көрмені тамашалап, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында болды.
kyzylorda-news.kz

13 ақпан 2020 ж. 112 0

Руханият

Базарқожа әулие

Базарқожа әулие

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930