Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақын Шәмшия Жұбатова туған жерге келді

Ақын Шәмшия Жұбатова туған жерге келді

Тарихын білу, тегін зерделеуді қалыпты қағида, саналы әрекетке айналдырған аудан халқы үшін қашанда өткенге көз салып, туған өлкемізді түлеткен тұлғаларымызды таныту, қалың оқырманына кеңінен насихаттау көпшілік шаралардан тысқары қалған емес. 
Әдебиет әлемге ортақ. Қабат-қабат тірлігіне қарамастан өлеңге адалдығын – өмірге адалдық деп түсінген қаламгер қыздардың еңбегі айырықша айтылса артықтық етпейді-ау. Шәмшия апайымыз да қазақ поэзиясында өз аты, өзіндік қолтаңбасы бар ақындардың бірі. 
Шәмшия Жұбатова - ақын, Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одағының мүшесі. 1958 жылы 27 сәуірде Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Атырау облысының Новобогат ауданындағы «Нарын таңы» газетінде жұмыс істеген. «Ана тілі» газетінде, «Жалын» альманахында қызмет атқарған. Шығармалары «Бастау», «Балауса», «Жетіген», «Жалын» ұжымдық жинақтарына енген. 1995 жылы «Махаббат» атты жыр кітабы жарық көрді. Осыған дейін онға жуық кітабы жарық көрген.
Осы орайда, Әйтеке би кенттік клубы мен аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Алтын күннің сәулесі» атты тақырыпта кездесу кеші өткізілді. Иә, Сыр елінің тумасы, Қазыналы Қазалының төл перзенті, жыр жорғасы, Қазалы өңірінің Халық ақыны Нұрсұлтан Жұбатұлының қызы, еліміздің ерке ақыны Шәмшия Жұбатова туған жерде, өз бауырларымен, өз оқырмандарымен, өз тыңдармандарымен жүздесті. Аудандық орталық кітапхана ұйымдастырған «Алтын күннің сәулесі» атты кітап көрмесі қалың жұртшылыққа таныстырылды. Кешке қатысқан барша оқырман қауым керемет көңілмен тарқасты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
16 шілде 2019 ж. 2 490 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 160

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031