Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанқош Тұраров қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Жанқош Тұраров қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Жанқош Тұраров қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров шаршы алаңға оралып, Кардиффте ганалық боксшы Ричмонд Джарбенгпен жұдырықтасып, нокаутқа түсірді.

Ол 2 жылға жуық жекпе-жек өткізбеген еді.

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек сегіз раундқа созылу керек болған, алайда екінші раундтан кейін шаршы алаңдағы шайқас жалғасқан жоқ. Ричмонд Джарбенг жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, қазасқтандық 28 жастағы боксшы кәсіпқой бокстағы жиырма үшінші жеңісін тойлады. Бірде-бір кездесуде қарсыласына есе жібермеген. Ал ганалық боксшы болса төртінші рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Жанқош Тұраров MTK Global ұйымдастыруымен алғашқы жекпе-жегін өткізді. Алғаш рет Ұлыбританияда бақ сынады. Осыған дейін отандасымыз АҚШ, Доминикан Республикасы мен Колумбияда кездесу өткізген.

Кардиффтегі бокс кешінде қазақстандық Сұлтан Зауырбек те шаршы алаңға шықты. Никарагуалық Серхио Гонсалесті жекпе-жек аяқталуға 16 секунд қалғанда техникалық нокаутпен жеңді. Жанқош пен Сұлтан келесі жекпе-жектерін 6 шілдеде Нұр-Сұлтанда өткізеді. Басты жекпе-жекте жеңіл салмақта WBC чемпионы Нордин Оубали (15-0, 11 КО) шаршы алаңға шығады. Бұл бокс кешін де MTK Global ұйымдастырады.

24.kz

02 маусым 2019 ж. 1 863 0

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 87

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 91

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 57

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 106

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 151

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930