Батыр атындағы бәсеке
«Ерсіз ел болмайды, елсіз ер болмайды» деген екен Бауыржан Момышұлы. Піл сауырлы далада туып, тұтас жұрттың қорғанына айналған қаһарман ерлер Қазалы топырағында да баршылық. Солардың бірі де бірегейі Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев деуге толық негіз бар. От пен оқтың ортасында сонау сұрапыл жылдары кеудесіндегі шыбын жанын Отаны үшін қиған ердің есімін ұлықтау мақсатында жыл сайын туған топырағында түрлі шаралар мен спорттық жарыстар өткізіліп келеді.
Биыл да сондай ізгілікті іс Қазалы ауданында жалғасын тауып отыр. Оны Әйтеке би кентіндегі №17 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде грек-рим күресінен өткізілген республикалық турнирден аңғардық.
Атап айтқанда, Алматы, Ақтөбе, Шалқар, Сексеуіл, Арал секілді қалалардан келген балғын палуандар бәсекесінің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев:
– Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағының батыры атағын иеленген 500-ге жуық отандасымыздың бесеуі біздің ауданнан шыққанын әрдайым мақтанышпен айтамыз.
Тарихи деректерге сүйенсек, Үрмәш Түктібаев 24 жасында майданға аттанады. Екінші Прибалтика майданының 3-екпінді армия қатарында болған. Сондағы 391-атқыштар дивизиясының 1280-атқыштар полкі құрамында соғысқа қатысқан. Алғашқы кезде пулеметші, кейін пулеметшілер бөлімшесінің командирі атанды. Ерлігі ескеріліп, «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған.
Үрмәш Түктібаевқа 1945 жылы қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағы беріледі.
Соғыстың жеңілі, батырлықтың үлкен-кішісі болмайтыны анық. Оның өмірден өткеніне ғасырдан асса да, есімі халық жүрегінен бір сәтке өшкен емес. Қайта уақыт өткен сайын санада жаңғыра түсуде, – деді.

Мұнан соң, батыр ұрпақтары атынан Молдабай Ақниязов есіл ердің ерліктері жайлы тілге тиек етіп, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.
Екі күнге созылған дүбірлі дода қорытындысында қазалылықтар бірінші орын тұғырына көтерілді. Екінші, үшінші орынды Қызылорда, Алматы қаласының спортшылары өзара бөлісті. Жеңімпаз командалар мен жекелеген балуандарға арнайы марапаттаулар тапсырылды.
Е.ТАБЫНБАЕВ