Еуропа лигасы: "Челси" футболшылары "Арсеналды" ойсырата жеңіп кетті (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Лондондық клубтардың ойыны Бакуде өтті. Ойын 4:1 есебімен аяқталды. Барлық гол екінші таймда салынды. Ойынның 49-минутында Оливье Жиру басымен гол соғып, есеп ашты.
Мұнан кейін 60-минутта Педро екінші голды, 65-минутта Эден Азар үшінші голды соқты.
69-минутта «арсеналдық» Алекс Ивоби гол салып, есеп ашты. Алайда 72-минутта Азар қақпаға кірген доп санын 4-ке жеткізді.
«Челси» үшін бұл Еуропа лигасындағы екінші жеңіс болды. Олар аталған додада 2013 жылы жеңіске жетіп, португалиялық «Бенфиктен» басым түскен еді.
https://www.instagram.com/p/ByEFHZFn_JW/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again
Ал «Арсенал» Еуропа лигасының финалында екінші рет жеңіліп отыр.