Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Барыс» хоккейшілері ЦСКА-ны 5:2 есебімен жеңді

«Барыс» хоккейшілері ЦСКА-ны 5:2 есебімен жеңді

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында «Барыс» хоккейшілері ЦСКА-ны тізе бүктірді.

Ойын кеше Мәскеу қаласында өткен болатын, есеп 2:5. «Барыс» ойынның 19 секундында-ақ Брэндон Боченскидің гол соғуымен алға шыға бастады. Сол арқылы ҚХЛ-дағы осы маусымдағы ең тез соғылған голдың авторы атанды.

«Барыс» екінші соққысын 20 минутта жасап, қарсыласын сан соқтырды. Үзіліске 8 минут қалғанда ҚХЛ-дың осы маусымындағы ең мықты қорғаушысы Даррен Диц гол соғып, есеп 2:0 болды.

«Барыс» үшін екінші кезең де өте сәтті басталды. 59 секундтан соң швециялық шабуылшы Андре Петерссон гол соқса, ойынның 23-ші минутында қорғаушы Алексей Маклюков есепті 4:0 – ге жеткізді.

Дегенмен қарсыластар 35-ші минутта шабуылшы Кирилл Капризовтың голымен есепті қысқартты - 1:4. Тағы бір рет «Барысты» сан соқтырған гол 55-ші минутта шабуылшы Антон Слепышевтың есебінен болды.

Соңғы голды «Барыс» 59-шы минутта салды, авторы – Боченски болды. Осылайша ойын 5:2 есебімен аяқталды.
27 қаңтар 2019 ж. 1 222 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 140

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 133

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 121

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 119

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031