Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Месси Роналдудың ұлылығын мойындады

Месси Роналдудың ұлылығын мойындады

"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси туриндік "Ювентус" клубының сұрмергені Криштиану Роналдудың ойын сапасы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Месси "Ювентусты" осы маусымда Чемпиондар лигасында жеңіске жетуге лайықты команда деп есептейді екен. Аргентиналық футболшының айтуынша, туриндіктер Роналду келмей тұрып та мықты болған, алайда оның келісімен команда айтарлықтай күшейген. 

Сондай-ақ, Месси мадридтік "Реал" - әлемдегі ең мықты командалардың бірі екенін, алайда оларға Роналдудың жетіспейтіндігі анық екенін айтады. Аргентиналық Испания чемпионаты аясында португалиялық сұрмергенмен қарсы ойнаған күндерін сағынатынын жеткізді.  Осы маусымда Роналду "Ювентус"сапында 23 ойынға қатысып, 13 гол салды және бес рет нәтижелі пас шығарды. Португалиялық футболшы "Реалдан" туриндік клубқа биыл жазда 112 миллион еуроға ауысты. 


28 желтоқсан 2018 ж. 921 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды