Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейбіт Назаров «Titan FC 51» xалықаралық турнирінде жеңілді

Бейбіт Назаров «Titan FC 51» xалықаралық турнирінде жеңілді

 
  Almaty Arena көпфункционалды спорт кешенінде аралас жекпе-жектен «Titan FC 51» халықаралық турнирі өтті.
 Кештің басты жекпе-жегінде Alem Fighters клубының сарбазы Бейбіт Назаров (14-3) төрешілердің шешімімен американдық Мартин Брауннан (12-5) ұтылды. Осылайша ол жеңіл салмақта (70,3 кг) уақытша чемпиондық белбеуін қорғай алмай Мартин Браунға беріп қойды.
  Сондай-ақ, бұл жарыстың екінші титулдық кездесуінде қазақстандық Қазыбек Әшімов (13-3) жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін (57 келі) колумбиялық Хуан Пуэртамен (15-6) айқасып, есе жіберіп қойды.
  Айта кетер жайт, жарыста 9 ресми және 4 ресми емес кездесулер өтіп, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Колумбия, Қытай, Бразилия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Германия, Ямайка, Голландия мемлекеттерінен келген 18 спортшы өнер көрсетті. Еліміздің намысын Бейбіт пен Қазыбектен бөлек Сырым Бектұрсын, Салауат Бейсенханов, Руслан Қамзаев, Нұржан Тұтқа және Айбек Нұрсейіт қорғаған болатын. Олардың арасында тек Руслан Қамзаев өз қарсыласы ресейлік Игорь Пестеревты қылқындыру әдісімен ұтып, қазақстандықтарға қуаныш сыйлайды.
«Мен барлық қазақстандықтарға, ағайын, бауырларға осындай керемет қолдау көрсеткені үшін өз алғысымды білдіремін. Өкінішке қарай, бұл титулдық жекпе-жектер біздің пайдамызға шешілмеді. Негізінде біз бұларды сотқа береміз, себебі Бейбіт жеңілген жоқ. Мысалы, жаңа жатқан кезде ол Бейбітті бастан теуіп жіберді, а ол үшін оның ұпайы жойылу керек. Бейбітке жеңіс бермегеннің өзінде олар тең нәтиже беру керек еді. Оны барлығымыз көрдік. Енді, болар іс болды. Ер азаматпыз, мойынымзбен көтереміз, жігіттеріміздің сағы сынбасын. Жеңісті күндер әлі де алда», - деді турнир ұйымдастырушысы Ардақ Назаров.
  Бұл жарыс тікелей эфирде әлемнің 150 мемлекеттерінде көрсетіліп, оған 9 мың адам келіп, жанкүйер болды.
  Турнир Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, халықаралық «Titan FC» ұйымы және «Alem fighters» спорт клубының ұйымдастырумен өткізілді.




22 желтоқсан 2018 ж. 845 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930