«Астана» Стойловқа жаңа ұсыныс жасады
Болгарлық бапкер Станимир Стойлов «Астана» клубы тарапынан жаңа ұсыныс алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Topsport.bg-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін Стойлов «Астана» клубынан кетіп, Еуропадан команда ісдеп жүргенін айтқан еді. Енді болгарлық БАҚ-тар жағдайдын өзгергенін жазып жатыр. Басылымның жазуынша, «Астана» клубы тарапынан Стойловқа жаңа ұсыныс жасаған. Бапкер бұл ұсынысты қабыл алуы да мүмкін. Жаңа келісімшарт бойынша оның бір жылдық жалақысы 1,2 млн еуро болмақ.
Естеріңізге сала кетсек, 50 жастағы Стойлов «Астана» клубына 2014 жылы келген еді. Бірінші маусымда-ақ ол командамен Қазақстан чемпионы атанды. Кейін бұл жеңісін үш рет қайталады. 2015 жылы Стойловтың бастамасымен «Астана» қазақстандық клубтар арасында бірінші болып Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты.
2016 және 2017 жылдары «Астана» Стойловпен бірге Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады. Ал биыл елордалық клуб Қазақстан тарихында тұңғыш рет Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты. Енді бұл кезеңде оның қарсыласы португалиялық «Спортинг» болады.
Айта кетейік, желтоқсан айында аяқталатын ескі келісімшарты бойынша Стойлов «Астана» сапында айына 100 мың доллар алады. Ал 2014 жылы ол айына 70 мың доллармен келісімшартқа қол қойған.
«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов футбол клубынан кететіні туралы мәлімдеген еді.