Илья Ильин Әлем чемпионатына қатыса ала ма

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Пара Азия ойындарының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді Баскетбол: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты «Алтай» клубы волейболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды.
«Оның жарақаты біз үшін құпия емес және Ильяны кейде мазалап жүргенін де білгенбіз. Соңғы күндері жарақаты қатты сезілді, сондықтан Ильяның чемпионатқа қатысудан бас тартуы мүмкін екендігі жайлы өтініші біз үшін жаңалық болған жоқ.
Дегенмен Ашғабадта аяқталған толық медициналық тексеру қорытындыларын күту туралы шешім қабылданды. МРТ талдауы Ильяда протрузиядан басқа, емделуі қажет мойын жарығы бар екені анықталды. Сондықтан алдағы күндері ол үшін қажетті емдеу курсы анықталып, барынша қолдау көрсетіледі.
Атлеттің дайындығы мен өзін сезінуі өте жақсы, бірақ диагноз себебімен ол Әлем чемпионатына қатыса алмайды.
Қазіргі кезде біздің міндетіміз - оның қалпына келуі үшін қажетті жағдайдың бәрін жасау. Мамандардың айтуынша, бұған бір айға жуық уақыт кетеді. Одан кейін Илья жаттығуға қайта орала алады», - деді Нұралинов.