Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Альварес Қазақстан футболы жайлы пікір білдірді

Альварес Қазақстан футболы жайлы пікір білдірді

Андорра бапкері қазақстандықтар жылдамдық мен техника жағынан басым болғанын мойындады.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Андоррамен кездесіп, 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Андорра бапкері жеңілістің себебін түсіндіріп, Қазақстан футболының деңгейі жайлы пікір білдірді.
Кольдо Альварестің пайымынша, Қазақстан командасы өз шәкірттерінен бір бәс жоғары екенін байқатқан. Бапкер қарсыластары жылдамдық мен техника жағынан басым түскенін мойындады.
"Әуелде біз анау айтқандай нашар ойын көрсеткен жоқпыз. Үшінші голдан кейін, яғни автогол мен бір ойыншымыз қуылғаннан соң, жағдай қиындай бастады. Допқа иелік ете алмаған кезде, қатал ойын қорғану әдісімізге айналып кетті", — деді Альварес.
Бапкер Андорра құрамасы жасанды алаңда күнде ойнап жүрмегенін атап өтті. Алайда команда кез келген жағдайда ойнауға дағдыланған, деп түйіндеді ол.
Андорра командасы "Астана Аренада" ойсырай ұтылды. Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі қарымта кездесу 4: 0 есебімен аяқталды. Бұл ойында Еркебұлан Сейдахмет (21-минут), Бауыржан Тұрысбек және Роман Мұртазаев (74) гол соқты, бір автогол болды.
17 қазан 2018 ж. 917 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930