Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Бұл күлкілі». Шүменов Лебедевке жауап қайтарды

«Бұл күлкілі». Шүменов Лебедевке жауап қайтарды

  WBA Regular белбеуінің бірінші ауыр салмақтағы иегері Бейбіт Шүменов ресейлік Денис Лебедевпен қаржылақ қызығушылық болған жағдайда ғана кездесу өткізуге келісім береді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агентігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
  Лебедев келесі кездесуін 7 қыркүйекте Челябіде өткіземін деп хабарлаған болатын. Ресейліктің бұл жолы қарсыласы Хизни Алтункая болуы мүмкін. Айта кетейік, Шүменов оны шілде де уақытынан бұрын жеңген болатын.
  Шүменовтың айтуынша, спорттық көзқараспен қарағанда екі жыл бойы өзінен қашқақтаған Лебедев оған қызық емес.
  «Мен Лебедев Алтункаяға қарсы кездесу өткізгісі келетінін естідім. Бүл күлкілі. Алтункаяны мен жақында ғана жеңдім, ал Лебедев болса нокаутқа кеткен спортшымен кездеспекші және мен туралы айтқан екен. Мен екі жыл бойы онымен кездесу өткізгім келді, алайда ол менен қашты. Бүгінде Денис Лебедев мені қызықтырмайды, себебі оның титулы жоқ. Алайда ол жақсы ақша төлеуге дайын болса онда оны қарсылас ретінде қарастыра аламын», - деді Шүменов.

Baq.kz
16 тамыз 2018 ж. 913 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930