АҚШ-та екі қазақстандық боксшы қарсыластарын нокаутқа түсірді
Қазақстандық екі кәсіпқой боксшы АҚШ-тың Нью-Джерси штатында өткен бокс кешінде қарсыластарын жеңіп, жанкүйерлер қуантты.
Атлантик-Сити қаласында өткен жекпе-жекте Мейірім Нұрсұлтанов доминикалық Джонатан Батистаны техникалық нокаутпен жеңсе, Мадияр Әшкеев эквадорлық Эдуардо Флоресті мерзімінен бұрын жеңген.
Айта кетейік, қос боксшы да жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалев пен колумбиялық Элейдер Альвареспен кездесуінің андеркартында өнер көрсеткен.
Өкіншіке орай Ковалев чемпиондық титулын қорғап қала алмады. 12 раундтық кездесу 7-ші раундта аяқталды. Альварес ресейлік қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, соңында нокаутқа жіберген.