Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Спартакиада жүлдегерлеріне алғыс білдірді

Спартакиада жүлдегерлеріне алғыс білдірді

Бүгін Қазалы аудандық білім бөлімінің басшысы облыстық спартакиада жүлдегерлеріне алғыс білдіріп, ықыласын танытқан еді. Олардың арасында айтулы додаға бөбектерін құшағына ала барған ұстаз-аналар да бар. Мұны ескерген Әділхан Оңдасынұлы бір қолымен бесікті, екіншісімен әлемді тербеткен аналарға арнайы ризашылығын білдірді.
«Әрине, құндақтағы сәбиі бар ұстазды ешкім еркінен тыс сайысқа қатыстыра алмайды. Мұны сіздердің бойыңыздағы жауапкершілік пен сүйікті істеріңізге шындап берілгендік деп түсіндім. Көрегенді бабамыз: «Періштенің тілеуін берді» деген тіркесті бекер айтпаса керек. Сіздердің жеңіске жету жолында еткен еңбектеріңізден бөлек, қолыңыздағы сәбидің де тілеуі қабыл болған шығар деген ой келіп отыр. Сондықтан балапандарымыз аман, бала күні қызық пен қуанышқа толы болсын», - деді бас ұстаз.
Бұдан кейін бөлім басшысы спортшы-аналарға «Пони» балалар ойын-сауық орталығына тегін кіруге мүмкіндік беретін сертификаттар үлестірді.

04 қазан 2023 ж. 439 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 108

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031