Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азиада-2023: Қазақстан қоржынына қос қола медаль түсті

Азиада-2023: Қазақстан қоржынына қос қола медаль түсті

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық балуан Азат Садықов пен боксшы Наталья Богданова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды inform.kz
А.Садықов 77 келіге дейінгі салмақта күреспей-ақ жүлдегерлер қатарына ілікті.
Оның қарсыласы, камбоджалық Кео Сопхак жарақатына байланысты кілемге шыққан жоқ.
Тағы бір қазақстандық Мақсат Сайлау 87 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде жапониялық Масато Сумимен күресіп, қарсыласына еш амал қыла алмады – 1:9.
Осылайша, байрақты бәсекені бастаған қазақстандық балуандар алғашқы күні бір күміс, бір қола жүлдеге қол жеткізді. Ертең грек-рим күресінен екі салмақта жеңімпаз-жүлдегерлер анықталады. Содан кейін әйелдер күресіне кезек тиеді.
6 қазан күні жарысты еркін күрес шеберлері қорытындылайды.
Бокс бәсекесінде қазақстандық Наталья Богданова жартылай финалда 66 келіге дейінгі салмақта таиландтық Суваннафенг Джанджаймен қолғап түйістіріп, үш рет нокдаун алып, нокаутпен жеңіліп қалды.
Сөйтіп ол финалдан тыс қалып, қола жүлдені қанағат тұтты.
Қазақстаннан бокс финалында Қамшыбек Қоңқабаев пен Карина Ибрагимова ғана өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын боксшы Карина Ибрагимованың финалға шыққанын жазған едік.
Сондай-ақ Мейіржан Шермаханбет Азиада финалында жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
04 қазан 2023 ж. 463 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 145

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031