Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » XIX Азия ойындары: Қазақстан ТОП-10 елдің қатарына кірді

XIX Азия ойындары: Қазақстан ТОП-10 елдің қатарына кірді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бүгінгі 2 алтын жүлденің және күміс пен қола медальдардың арқасында жалпыкомандалық есепте 9-орынға шықты, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz
Топ басына алаң иелері Қытай Халық Республикасының спортшылары орналасып отыр. Олар 81 алтын, 45 күміс және 23 қола медаль алды.
Екінші орында Оңтүстік Кореяның өкілдері келеді. Бұл мемлекет спортшылары 20 алтын, 19 күміс және 35 қола жүлдені жеңіп алды. Алғашқы үштікті Жапония құрамасы қорытындылайды. Күншығыс елінің өкілдерінде 15 алтын, 27 күміс және 24 қола медаль бар.
Ал Өзбекстан саңлақтары төртінші орында тұр. Бұл ел алғаш рет өз тарихында жалпыкомандалық есепте төрттікке кірді. Бұл мемлекеттің өкілдері әзірше 6 алтын, 10 күміс және 13 қола медальді жеңіп алды. Содан кейін үздік бестікте Үндістан спортшылары бар. Үнді елі 6 алтын, 8 күміс және 10 қола жүлдемен 5-орынға шықты.
Одан кейінгі орындарда Таиланд, Гонконг, Иран елдерінің спортшылары келеді. Қазақстан спортшылары 3 алтын, 3 күміс және 10 қола медальмен 9-орынға көтерілді.
28 қыркүйек 2023 ж. 385 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930