Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шәкірттер шыққан шың

Шәкірттер шыққан шың

Ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақ Қазалы ауданында 1986 жылы Басықара ауылындағы №182 мектепте қолға алынған болатын. 1988 жылы Қазақстан чемпионатына Нұрлан Айсауытов, Ләйлә Өтемұратова федерацияның шақыртуымен қатысып қайтқан-ды. Содан бері 30 жыл өтіпті. Бұл күндері ұлттық ойынымызды серік еткендер ауданымызда көптеп саналады. Сол отыз жыл ішінде облыстық, республикалық жарыстарда жүлде алған қазалылық тоғызқұмалақшылар шебер ойынымен сүйсіндіріп келеді.
Жақында Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында тоғызқұмалақтан Азия кубогы өтті. Сол аламан жарысқа бес мемлекеттен он үш команда қатысқан болатын. Қызылорда құрамасының сапында ойнаған тереңөзектік тоғызқұмалақшылар, халықаралық дәре­жедегі спорт шеберлері ағайынды Хәкімжан, Біржан Елеусіновтер, ҚР спорт шебері қазалылық Шыңғыс Ұзақ, ҚР спорт шеберлігіне кандидат Сәбит Шүленбаев командалық есепте бірінші орынды иеленіп, облыстағы ұлттық спорттың абыройын асқақтатты. Азия кубогы жеңімпаздары С.Шүленбев аудандық спорт мектебінің аға бапкері, ал Ш.Ұзақ №249 мектеп-лицейінде дене тәрбиесі пәнінен сабақ береді. Екі азаматтың дайындаған балғын шәкірттері де ауданда үнемі І-ІІ орындарды иемденіп жүр. Шәкірттеріме жарайсыңдар, жетістіктерің ұзағынан болсын деген тілегімді айтамын.
Мұхтар ЕРЖАНҰЛЫ,
тоғызқұмалақтан облыстық атаулы мектептің иегері.
15 маусым 2018 ж. 1 455 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 197

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 180

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 174

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930