Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Александр Недовесов Швециядағы турнирдің ширек финалына өтті

Александр Недовесов Швециядағы турнирдің ширек финалына өтті

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Бастад (Швеция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды inform.kz
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге бастапқы кездесуін корт иелері Лео Борг – Симон Фройндпен өткізді.
Бірінші партияда қазақстандық-эквадорлық дуэттің басымдылығы анық байқалды – 6:1.
Тартыстылау өрбіген екінші сетте есеп 5:3 болған мезетте жаңбырға байланысты матч тоқтатылып, кейін қайта жалғасты. Недовесов пен Эскобар 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
А.Недовесов – Г.Эскобар жүлде қоры 630,7 мың еуроға бағаланған жарыстың жартылай финалына шығу үшін доданың 2-ракеткалары, бельгиялықтар Йоран Флиген – Сандер Жилле немесе сербиялықтар Никола Качич – Душан Лайович жұптарының қай жеңгенімен таласады.
Бастадта жекелей сында қазақстандық, әлемнің 134-ракеткасы Тимофей Скатов іріктеу сайыстарынан өте алмады. Ол әуелі отандасы Денис Евсеевті 6:1, 6:3 есебімен жолдан тайдырды. Бірақ содан соң боливиялық Уго Дельенге есе жіберді – 5:7, 6:3, 3:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның әлемдік рейтингте жоғары көтерілгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингтегі көрсеткіштерін жақсартты.
Астанада Президент кубогі үшін теннистен халықаралық турнир өтеді.

18 шілде 2023 ж. 270 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 64

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 40

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 72

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031