Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық теннисші Ұлыбританиядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Ұлыбританиядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Илкли (Ұлыбритания) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды el.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген А.Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар әуелі аустралиялықтар Эндрю Харрис – Люк Сэвилді 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстандық-эквадорлық дуэт ширек финалда германиялықтар Константин Францен – Хендрик Йебенспен шеберлік байқасты. А.Недовесов – Г.Эскобар 6:4, 3:6, 10:4 есебімен жеңді. Александр мен Гонсало жартылай финалда бельгиялықтар Зизу Бергс – Йорис де Лоремен кездесті.
Бірінші партияда бельгиялық жұп тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:3). Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте қазақстандық-эквадорлық жұп брейк жасап, сосын өз геймдерін алды – 7:5. Содан кейін супер тай-брейкте мүмкіндіктерін жіберген жоқ – 10:5. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында А.Недовесов – Г.Эскобар 5 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.
Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар финалда доданың 3-ракеткалары, америкалық Роберт Гэллоуэй – аустралиялық Джон Патрик Смитпен бас жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Германиядағы турнирдің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.
24 маусым 2023 ж. 304 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 195

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 195

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930