Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бибісара Асаубаева Берлиндегі турнирде үздік ойынымен ерекшеленді

Бибісара Асаубаева Берлиндегі турнирде үздік ойынымен ерекшеленді

Бибісара Асаубаева Берлинде өткен Armageddon Women’s Chess Week турниріне қатысты. Бұл туралы 19 жастағы қазақстандық шахматшы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды egemen.kz.
Жас шахматшының айтуынша, турнир өте қызық форматта өткен.
Ереже қарапайым: нокаут жүйе бойынша турнир, 2 блиц ойын, 1-1 есебінде Армагеддон ойналады, яғни қателікке жол жоқ.
Бұл жарысқа әлемнің ең мықты 8 шахматшысы қатысып жатыр.
«Мен барлық матчтарды жеңе алдым, тек бір Армагеддон ойнадым және бүкіл турнирде бір ойында ғана жеңілдім. Бірінші кездесуде Грузияның ең мықты шахматшысын, 2017 жылғы блиц бойынша әлем чемпионы Н.Дзагнидзені 2-0 есебімен ұттым», дейді Б.Асаубаева.
Екінші айналымда шахматшы 2022 жылы блиц бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері және соңғы 20 жылдағы әлемдегі ең мықты шахматшылардың бірі Х.Конеруды жеңді.
Ол жартылай финалда Г.Мамедзаданы 1.5-0.5 есебімен жеңіп, финалға және қыркүйекте өтетін Grand Final-ға жолдама алды.
Ақтық сайыста Бибісара Х.Конераны негізгі уақытта 1.5-0.5 есебімен тағы да ұтты.
«Демалуға уақыт жоқ, бүрсігүні Кипрде әйелдер арасында Гран-при кезеңі басталады», деп жазды Бибісара.
15 мамыр 2023 ж. 613 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 204

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930