Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан әнұраны 4 рет соңына дейін қосылмай қалған

Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан әнұраны 4 рет соңына дейін қосылмай қалған

Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылардың марапаттау кезінде келеңсіз жағдай орын алды. Мұнда спортшыларға жүлдені табыстаған соң Қазақстан әнұраны соңына дейін қосылмай қалған. Бұл жөнінде stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнұранға байланысты келеңсіз жағдай 19 жастағы Санжар Тәшкенбайды марапаттау кезінде байқалған. Отандасымыздың құрметіне қосылған ел әнұраны кенеттен үзіліп, соңына дейін шырқалмай қалған. Алайда "Хумо" аренасында болған жанкүйерлер әнұранды өздері айтып шықты.
Алтын медаль жеңген өзге үш боксшыны марапаттау кезінде де қазақстандық жанкүйерлер әнұранның тоқтап қалғанына қарамастан, соңына дейін шырқады.
Еске салайық, бокстан әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі) әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов (67 келі) екінші орын алды.
15 мамыр 2023 ж. 625 0

Таңдау сенің қолыңда

19 қаңтар 2026 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031