Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің жас теннисшілері Албаниядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Еліміздің жас теннисшілері Албаниядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандық жас теннисшілер Албанияда 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды sn.kz
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, бір апта бұрын өткен осындай турнирдегідей, Кристина Крученко абсолютті чемпион болды.
К.Крученко жекелей сында финалда италиялық Дилетта Д'Амачионы 2:6, 6:4, 6:1 есебімен тізе бүктірді.
Ал жұптық сында Линара Бөлешевамен бірге доданың бірінші ракеткалары, италиялықтар Людовика Газалино – Дилетта Д'Амачиодан басым түсті – 6:3, 3:6, 13:11.
Испанияның Палманова қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Тennis Еurope турнирінде Әмина Нұрмахан финалға дейін жетті.
Ол соңғы бәсекеде ғана бірінші ракетка, нидерландылық Пиппе Фенниске есе жіберді – 6:7, 5:7.
Өзбекстанның Учкун қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF World Juniors Tour жарысы аяқталды. Мұнда жұптық сында бас жүлде үшін қазақстандықтар таласты.
Анастасия Крымкова мен Сәтима Төреген Іңкәр Дүйсебай – Әдемі Аманкелдіден 0:6, 6:1, 10:7 есебімен айласын асырып, чемпион атанды.
24 сәуір 2023 ж. 789 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 207

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 141

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031