Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада теннистен халықаралық турнир мәреге жетті

Елордада теннистен халықаралық турнир мәреге жетті

Елордада ITF Men’s World Tennis Tour M15 Nur-Sultan сериясы бойынша екінші турнир мәреге жетті.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған додада Польша өкілі, 23 жастағы Михал Дембектің мерейі үстем болды. Ол финалда италиялық Рикардо Бальзераниді 6:3, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді. М.Дембек жарыс барысында әуелі қазақстандық Тимофей Скатовты жеңді, сосын тағы бір италиялық Маттео Донатиден басым түсіп, ширек финалда Беларусь теннисшісі Ярослав Шилодан айласын асырды.

Жартылай финалда италиялық Франческо Фортиді 6:2, 6:0 есебімен ұтты. «Бұл менің жекелей сындағы алғашқы жеңісім. Бәрі жақсы өтті. Ұйымдастырушыларға зор алғысымды айтқым келеді. Бұрын Қазақстанда ITF сериясында жастар арасында өнер көрсеткен едім. Қазақ халқы қашанда қонақжайлылығымен ұнайды», деді М.Дембек. Жұптық сында Беларусь өкілдері Я.Шило мен Иван Лютаревич үздік шықты. Олар соңғы екі аптада осымен екінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Бұл жолы финалда поляк дуэті Ян Войчик – Маре Войцехті 7:6, 7:6 есебімен қапы қалдырды.
14 ақпан 2021 ж. 3 608 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 113

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031