Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Спартакиада: Қазалылық футболшылар финалда

Спартакиада: Қазалылық футболшылар финалда


Бүгін Қазалыда өтіп жатқан ауыл спортшыларының «Алтын күз» спартакиадасының үшінші күні. Жарысқа келген командалар үшін шешуші күн десек артық айтқандық емес. Себебі бүгін біршама спорт түрінен финалға жолдама алған командалар белгілі болады.

Сондай ойындардың бірі Жалаңтөс батыр атындағы орталық стадионда футболдан Қазалы мен Жалағаш ауданының командалары арасында өтті.

Қазалылықтар үшін маңызды матчқа аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы келіп, стадионнан тамашалады. Ойын басталар алдында Мұхтар Әуесұлы футболшыларға сәттілік тілеп, ақтық ойынға жолдама алуға тілектестігін білдірді.

Тартысты өткен ойын бірде бір есебімен аяқталды. Осылайша өз тобында үздік атанған жерлестеріміз финалға жолдама алды. Финалдағы қарсыласымыз Шиелі ауданының құрамасы.

Ақтық ойын ертең сағат 12:00-де Әйтеке би кентіндегі Жалаңтөс батыр атындағы орталық стадионда өтеді.

Баршаңызды жерлестерімізді қолдау үшін орталық стадионға шақырамыз.

Айта кетейік, финалдық ойынға ауданның қол добы мен баскетболдан ерлер мен қыздар командасы да жолдама алды.
08 қазан 2022 ж. 740 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 116

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031