Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық спортшы джиу-джитсудан халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшы джиу-джитсудан халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық Дана Төлеужан AJR TOUR International PRO – GI&NO-Gi турнирінде көк белбеу иегерлері арасында қола медаль жеңіп алды. Жарыс Германияның Гамбург қаласында өткен, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Жарысқа 32 елден 430-дан аса спортшы қатысқан. 23 жастағы Дана үшін бұл Испаниядағы жеңісінен кейінгі екінші турнирі болды. Жартылай финалда спортшы даниялық қарсыласына төрешілер шешімімен есе жіберді. Ал үшінші орынға талас кезінде германиялық қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңген.
"Мен жалғыз жалғыз бару туралы шешім қабылдадым. Ешқандай қолдау болмады, бірақ сонда да бел байламдым. Жаттығу барысы ретсіз өтті. Парижде күніне 2-3 реттен, шамамен 5 сағаттай жаттықтым", – дейді спортшы.
Қыздың айтуынша, жарыс үшін сабақтарын өткізіп алмауға тырысқан.
"Өкінішке орай, бұл да аздық етті. Ұзағырақ жаттығатын болсам, келесіде бұдан да жақсы нәтижеге жетемін деп ойлаймын", – деді Төлеужан.
2019 жылы Дана Төлеужан Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында ақ белбеу иегерлері арасында күміс медаль жеңген. Қазір ол Римде тұрып, білім алады.
23 тамыз 2022 ж. 704 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 142

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 134

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930