Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 жасар қазақстандық сенсациялы түрде фристайл-могулдан әлем чемпионатында жүлдеге ие болды

15 жасар қазақстандық сенсациялы түрде фристайл-могулдан әлем чемпионатында жүлдеге ие болды

Алматыдағы Шымбұлақта өтіп жатқан фристайл-могулдан әлем чемпионатында 15 жасар қазақстандық спортшы сенсация жасап, жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды stan.kz.


 Әлем біріншілігінің қола медалін қазақстандық Анастасия Городко жеңіп алды. Алтын мен күміс ресейлік спортшылардың қоржынында кетті.
Жеребе мен 1/8 финалдағы жарыстар торына сәйкес қазақстандық спортшы бір-бірімен кездесті - 2021 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, әлемнің экс-чемпионы Юлия Галышева мен жасөспірім Анастасия Городко. 15 жасар қазақстандық өзінің тәжірибелі қарсыласы әрі Қазақстан құрамасының лидері Галишеваның жеңіп, сенсация жасады (Городкода 78.78 ұпай, Галышевад 73.92 ұпай). Ширек финалда Городко жапондық Кисара Сумишиді оңай жеңді.
Жартылай финалда қазақстандық жас спортшы ресейлік Анастасия Смирновадан жеңіліп қалды, бірақ кіші жарыстағы қола үшін таласта канадалық Софиан Ганоны жеңді (79.42 - қазақстандықта, 78.62 - канадалықта).
Естеріңізге сала кетейік, жуырда қазақстандықтар Юлия Галышева мен Павел Колмаков әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде фристайл-могулда күміс және қола медаль жеңіп алды.
09 наурыз 2021 ж. 2 532 0

Сақ патшайымы – Зарина

11 қазан 2024 ж. 83

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 143

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031