Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық спортшы брейкингтен әлемдік турнирдің ресми промовидеосына түсті

Қазақстандық спортшы брейкингтен әлемдік турнирдің ресми промовидеосына түсті

Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімімен брейкинг ресми түрде олимпиада тізіміне енгізілді. Ол алғаш рет Париждегі 2024 ойындарында ұсынылады
Қазақстандық B-Boy Amir (Әмір Зәкіров) 6 қараша күні Нью-Йоркте өтетін Red Bull BC One брейкингтен чемпионаты промовидеосына түсті, деп хабарлайды ұлттық олимпиадалық комитет.
"Режиссура – менің екінші махаббатым. Біріншісі – брейкинг. Өзің жақсы көретін екі жұмысты бірге істеуден артық ештеңе жоқ екен. Бүкіл әлемге біздің мәдениетіміз туралы, өзімнің туып-өскен жерім туралы айтқым келді, бірақ соны заманауи түрде, әдеттегіден өзгеше жолмен жеткізуді ойладым. Қазір әлемдік брейкинг аренасы Қазақстанға қатты назар аударып отыр. Біздің оларға көрсететін дүниеміз баршылық", - дейді B-BoyAmir.
Түсірілім жұмыстары бастан-аяқ Алматыда жүргізілген. Ол қазақстандық Qara Studios продакшн-компаниясының өнімі. Бұл промода ұлттық танымал атрибуттардың бәрі бар.
"Біздің ниетіміз – қазақ мәдениетін өзіміз қабылдап үйренбеген қырынан көрсету болды. Әмір басынан-ақ, видеоның бәрін табиғи күйінде түсіруді жоспарлады", – дейді қоюшы-режиссер NurNiyaz.
Жобаның қоюшы-режиссері промо-видеоны түсіріп болғаннан кейін, брейкингтің философиясын жете түсінгенін мойындады.
Айта кетері, Әмір Зәкіров – брейкингтен қазіргі чемпион ғана емес, осы спорт түрі бойынша, ҚР ұлттық олимпиадалық құрама командасының мүшесі. Әмір 6 қараша күні, Нью-Йорк қаласында өтетін Red Bull BC One әлемдік чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды.
Халықаралық олимпиада комитеті 2020 жылы брейкингті ресми түрде, олимпидалық спорт түрлерінің тізіміне енгізді. Ол Парижде өтетін Олимпиада-2024 ойынына кіргізіледі.
29 шілде 2022 ж. 625 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 85

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 81

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 81

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 75

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 151

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930