Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада Tartyl Fest жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада Tartyl Fest жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада турникке тартылудан жетінші республикалық Tartyl Fest жарысы өтті.
Tartyl Fest турнирін ҚР Президент жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қоры ұйымдастырды. Жарысқа барлығы 307 спортшы қатысты.
18-30 жас жас санатында өнер көрсеткен қызылордалық Ақберен Қуандықов бұрынғы рекордын жаңартуға жақын қалды – ол 40 рет тартылған. Бұған дейін Шымкентте өткен турнирде қатысушы Азамат Сапар 41 рет көтеріп, рекорд орнатқан болатын.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Жағыпар Тәжмаханов, «Дара» таланттарды қолдау қорының жетекшісі Нұрлан Қоянбаев, жоба амбассадоры, қоғам қайраткері, жаттықтырушы және актер Айтым Жақыпов марапаттады.
Бірінші орын алған қатысушылар 200 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Екінші орынға – 100 мың теңге, үшінші орынға – 50 мың теңге табысталды.
Байқаудан кейін қатысушылар мен қала тұрғындарына белгілі әнші Мирас Жүгінісов сахнада өнер көрсетті.
Tartyl Fest 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында еліміздің 20 қаласында өтеді, оған қазақстандықтар қатысып, ақшалай сыйлықтар ұтып алады. Әр қалада 27 жеңімпаз таңдалады. Әр қаланың жеңімпаздары (тоғыз номинация бойынша) Нұр-Сұлтанда гранд-финалға қатысады. Гранд-финалдың чемпиондары street workout бойынша әлем чемпионатына барады.
28 шілде 2022 ж. 725 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031