Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адесанья UFC чемпионы белбеуін төртінші рет қорғап қалды

Адесанья UFC чемпионы белбеуін төртінші рет қорғап қалды

Орта салмақтағы UFC чемпионы Исраэль Адесанья төртінші рет титулын қорғап қалды. Хьюстондағы (Техас, АҚШ) UFC 271 кешінің басты жекпе-жегінде ол бұрынғы чемпион Роберт Уиттакермен реванш өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
Бес раундқа есептелген жекпе-жекте Нигериядан шыққан жаңазеландиялық спортшы төрешілердің бірауыз шешімімен (48:47, 48:47, 48:46) жеңіске жетті.
32 жастағы Адесанья үшін бұл кәсіби карьерасындағы 22-ші жеңіс. Жеңілмеген Исраэль дивизион чемпионы ретінде белбеуін төртінші рет сәтті қорғап отыр. 
Ал 31 жастағы аустралиялық Уиттакерге келер болсақ, ол алтыншы рет жеңіліс тапты. Адесанья Робертті екі рет жеңген алғашқы файтер. 
Айта кетейік, 2019 жылдың қазанында олар UFC 243 турнирінде кештің басты оқиғасында өнер көрсетті. Уиттакер екінші раундта нокаутпен жеңіліп, белбеуін қорғай алмай қалды. Ал Адесанья промоушеннің жаңа чемпионы атанды. Содан бері Израиль титулын ешкімге бермей келеді. 
Бұған дейін сол турнирде алғашқы кардта қазақстандық Сергей Морозов жеңіліс тапқан болатын.
13 ақпан 2022 ж. 735 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 129

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031