Маман Ломаченко-Дэвис жекпе-жегіне болжам жасады

«Менің ойымша бұндай шайқас ұйымдастырылса Василий Ломаченко жеңіске жетеді. Маған Джервонта Дэвистің жұдырықтасу стилі ұнайды. Неліктен Василий Ломаченконы таңдап тұрғанымды нақты айта алмаймын. Рас, Джервонта Дэвис әзірге ешкімге есе жіберген жоқ. Бірақ қалай болған күнде де Ломаченко одан айласын асырады деп пайымдаймын. Әрине, мен қателесуім мүмкін. Дэвис сойқан соққысымен оны ұрып құлатуы ықтимал. Бірақ Ломаченко мықты. Маған Василий Ломаченко қатты ұнайды», дейді бапкер өз ойын түйіндеп.