Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » WBC президенті: Головкин-Альварес реваншы болмайды

WBC президенті: Головкин-Альварес реваншы болмайды

Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтуі тиіс реванш 5 мамырда өтпейтін болды. Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі SPORTINFORM  мәліметіне сүйеніп. 

— Менің пікірімше Головкин мен  Альварес арасында жекпе-жек болмайды. Альварес ісі бойынша Невададағы тыңдалым 18 сәуірге көшірілді. Сондықтан жекпе-жектің 5 мамырда өтетінін көз алдыма келтіре алмаймын, — дейді Сулейман ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, Сауль Альварес Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен уақытша спорттан шеттетілген еді.

Наурыздың  басында Сауль Альварестен алынған допинг-сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылды. Оның мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшының қан құрамынан тыйым салынған препарат — Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растады.
03 сәуір 2018 ж. 1 351 0

Берекелі бастама

26 қыркүйек 2026 ж. 104

Сөз бен саздың сардары

26 қыркүйек 2026 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930