Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Шавқат Рахмонов Карлстон Харриске қарсы шығады

Шавқат Рахмонов Карлстон Харриске қарсы шығады

Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC-де күш сынасып жүрген қазақтың қайсар ұлы Шавқат Рахмонов өзінің келесі кездесуін алдағы жылдың 5-ақпанында Гайананың өкілі Карлстон Харриске қарсы өткізеді, деп хабарлайды egemen.kz.
Қазіргі кезде көптеген БАҚ өкілдері осы бәсеке туралы жарыса жазуда. Ал сол спортшы жайында біз не білеміз?
 Карлстон Харрис 1987 жылдың 9 шілдесінде Оңтүстік Америка құрлығының солтүстік-шығысында орналасқан Гайана деп аталатын шағын ғана елде дүниеге келді. Жастайынан аралас жекпе-жекпен шұғылданған оның кәсіпқойлар арасындағы алғашқы қадамы аса сәтті болмады. Бастапқы үш бәсекенің екеуінде Карлстон жеңіліс тапты. Атап айтсақ, 2011 жылдың қоңыр күзінде бразилиялық Чристиано Маркестен және 2012 жылдың көктемінде Фернандо Брунодан ұпай санымен ұтылды. Есесіне одан кейін алты бірдей кездесуде қарсыластарын ойсырата ұтып, көпшілік назарына ілікті.
 Өзінің спорттық карьерасында Харрис 21 рет октагонға шығып, 17 мәрте жеңіс тойын тойлады. Тоғыз бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Төрт жеңілістің үшеуінде ұпай санымен ұтылса, бір рет техникалық нокаут тіркелді. Әу баста түрлі промоушендерде өнер көрсеткен ол биылғы жылдан бастап UFC-де күш сынасуда. Бұл ретте екі бәсеке өткізіп, екеуінде де мерейі үстем болды. Гайаналық спортшы 8 мамырда америкалық Кристиан Агилераны қылқындырып тастаса, 18 қыркүйекте АҚШ-тың тағы бір өкілі Импа Касанганайды есінен тандырды. Бұл жекпе-жектің екеуі де бірінші раундтарда аяқталды. Осылайша, Карлстон қатарынан бесінші кездесуін өз пайдасына шешті.  
Ал Шавқат Рахмоновтың жүріп өткен жолы жанкүйерлердің көз алдында. 27 жастағы қандасымыз 2014 жылдан бері осы спорт түрін серік етуде. Сол аралықта 14 рет айқас алаңына шығып, барлық бәсекені айқын басымдықпен аяқтады. Кезінде ол М-1 Global нұсқасы бойынша чемпиондық атақты иеленсе, соңғы екі жекпе-жегін UFC-де өткізіп, екі ретінде де қарсыластарын тырп еткізбей ұтты.
21 қараша 2021 ж. 338 0

Бүгінгi жаңалықтар

Ұрпаққа аманат

01 желтоқсан 2021 ж. 84

Азаттық аспаны

01 желтоқсан 2021 ж. 106

Көк мешіттің керегесі кеңеюде

01 желтоқсан 2021 ж. 142

Құт қонған қазақы үй

01 желтоқсан 2021 ж. 32

Су басу қаупі жоқ

01 желтоқсан 2021 ж. 51

Қалада қарқынды қадам бар

01 желтоқсан 2021 ж. 53

Атажұртқа ағылған жұрт

01 желтоқсан 2021 ж. 52

Руханият

Құт қонған қазақы үй

Құт қонған қазақы үй

01 желтоқсан 2021 ж.
Білім жиған бойына

Білім жиған бойына

20 қараша 2021 ж.
Айт ата ардақталды

Айт ата ардақталды

20 қараша 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды