Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғашқы ондық: Қазақстан ерекше көрсеткіш бойынша УЕФА тізіміне енді

Алғашқы ондық: Қазақстан ерекше көрсеткіш бойынша УЕФА тізіміне енді

"Gazeta Sporturilor" басылымының журналисті Виорел Тудораке ерекше зерттеу жүргізген. Ол Еуропа лигасындағы командалардың қанша рет жаттықтырушы ауыстырғанын санап, рейтинг жасады. Журналистің деректеріне сүйенсек, көш басында Румыния тұр. Ал Қазақстан 8-орынды иеленді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Румынияның ішкі чемпионаты жаттықтырушы алмастыру бойынша Еуропада көш бастады. Маусым басынан бері, уақытша жаттықтырушыларды қосқанда, 15 рет ауысқан екен. Ұлттық чемпионат барысында сегіз футбол клубы жаттықтырушыларын алмастырды. Олар: "Университета Крайова 1948" (3 рет), "ЧФР Клуж" (2 рет),  "Университет Крайова" (2 рет), "Сепси" (2 рет), "Динамо" (2 рет), “Клинчени" (2 рет), "Стяуа" (1 рет) және "Газ Метан" (1 рет). Алғашқы ондықта Румыниядан кейін Түркия (10), Болгария (7), Сербия (6), Ресей (6), Украина (6), Босния (6), Қазақстан (5), Эстония (4), Словения (4) елдері бар", - деп жазды газетте. 
Виорел Тудоракенің рейтингті қандай әдіспен жасағаны белгісіз. Уақытша жаттықтырушыларды қоса есептегенде "Қайрат" командасында Курбан Бердыевке дейін 3 жаттықтырушы ауысқан. "Ақтөбе" командасы 2, "Тобол", "Шахтер", "Тұран" және "Қайсар" командалары 1 жаттықтырушыдан ауыстырған. Барлығы 9 жаттықтырушы екенін есепке алсақ, Қазақстан Еуропада үшінші орынды иеленуі керек. 
10 қараша 2021 ж. 493 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31