Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпиадаға қанша қаражат жұмсалды?

Олимпиадаға қанша қаражат жұмсалды?

Қазақстандық спортшыларды Токио-2020 жазғы Олимпиада ойындарына дайындауға және алып баруға қанша ақша бөлінді?
Осы сұрақ төңірегінде Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов жауап берді.

— Біз Токио Олимпиадасымен қатар, Азия ойындарына да дайындалдық. Өткен жылы пандемияға байланысты 10,9 млрд теңге бөлінді. Биыл екі бірдей әлемдік додаға қатысатын болғандықтан 15,6 млрд теңге қарастырылды. Оның ішінде спортшылардың жалақысы, қажетті құрал-жабдықтар алу, медициналық көмек, жиындарды өткізу, лицензия ұтып алу сайыстарына қатысу секілді бірнеше бағыт бар, – дейді комитет өкілі Елсияр Қанағатов.

Комитет өкілінің айтуыншы, Токио Олимпиадасына бөлінген қаржыдан 300 млн теңге үнемделген.

— Токиоға Қазақстаннан үлкен көлемде делегация кетіпті деген де сыбыс тарап жатыр. Керісінше, пандемияға байланысты ұйымдастырушылар қатысушылардың санын шектеді. Иә, біздің комитеттің қызметкерлері бар, олар Олимпиада уақытында күні-түні еңбек етіп жатыр. Сондықтан көп адам келді дегендермен келіспеймін. Бөлінген қаражатты спортшыларға жеткізуге тырысамыз, – деді ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында Елсияр Қанағатов.
07 тамыз 2021 ж. 826 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30