Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Спартакиада: Қазалы ауданы жалпыкомандалық есепте 2-ші орында

Спартакиада: Қазалы ауданы жалпыкомандалық есепте 2-ші орында

Бүгін Қызылорда қаласында өтіп жатқан облыстық VІІ «Ақ бидай» спартакиадасына өз мәресіне жетіп, жеңімпаз атанғандардың есімдері белгілі болды.
Спорттың 9 түрі бойынша өнер көрсеткен Қазалы ауданының құрамасы 80 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреді. Спартакиаданың соңғы күніне дейін көш бастаған ауданның құрамасы соңғы күні Жаңақорған ауданын алдыға шығарып алды. Үшінші орынға Сырдария ауданының спортшылары жайғасты.
Спартакиадада жерлестеріміз үстел теннисінен (ерлер мен қыздар), шағын футболдан (ерлер) алтын медальға ие болды.
Ал, тоғызқұмалақшылар күміс медальға қол жеткізсе, гір көтеру мен қол күресінен үшінші орынды місе тұтты.
Айта кетейік, әр спорт түрінен жеңімпаз атанған командалар қазан айында Ақтау қаласында өтетін республикалық «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының спартакиадасында облыс намысын қорғайтын болады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
13 тамыз 2021 ж. 1 397 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031