Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанқош Тұраров жекпе-жекке шықпайды – боксшы мән-жайды түсіндірді

Жанқош Тұраров жекпе-жекке шықпайды – боксшы мән-жайды түсіндірді

Жанқош Тұраров пен Тайрон Маккенна жекпе-жегі бүгін Дубайда Caesars Palace аренасында өтуі керек еді. Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров жекпе-жекке шықпайтын болды. Ол коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды sputnik.kz.

Қазақстандық спортшы британдық Тайрон Маккеннамен кездесу өткізіп, бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental чемпиондық титулын қорғауы  тиіс еді. Бірақ шоу ұйымдастырушысы, D4G Promotions промоутерлік компаниясы Жанқош Тұраровтың жекпе-жекке шықпайтынын хабарлады. Спортшының айтуынша, бұған COVID-19 індетіне шалдығуы себеп болған.
"Дубайға келген күннен бастап ентігу, температура, мұрынның бітуі, дәм сезбеу симптомдары пайда болды. Турнирге шығар алдында міндеттелген ПТР тест оң нәтиже көрсетіп, мені қонақ үйге оқшаулады, салмақ өлшеу рәсіміне шығарылмауымның себебі осы болды", - деп жазды ол инстаграмдағы парақшасында.
Алайда боксшы ештеңеге қарамастан жаттығуын бөлмесінде жалғастырған. Оқшауланған күйде салмақ өлшеу рәсімінен өткен. Өкінішке қарай, екінші рет тапсырған ПТР-тест те оң нәтиже көрсетіпті.
"Айналама, қоршаған ортама деген жауапкершілікті сезіне отырып турнирден шеттетілдім. Егер дәл осы диагноз болмағанда қазіргі жағдайыммен-ақ 3 раунд жеткілікті еді", - дейді спортшы.
Желідегі жанкүйерлері спортшыға қолдау білдірді. "Тезірек сауығып кетіңіз", "Жанқош, сен мықтысың", "Әлі жеңіс алда", "Ең бастысы денсаулық" деп жазды олар.
04 сәуір 2021 ж. 2 771 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 137

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 194

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 161

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 140

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930