Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарашадағы қос қуаныш

Қарашадағы қос қуаныш

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалғап келе жатқан елдегі бұқаралық спортпен айналысушылар санын арттыру мәселесі ақырындап шешіліп келе жатқанын байқап отырмыз. Сонымен бірге ел есімін әлем халқы алдында танытатын, көк байрақты биікке желбірететін спортшылар тәрбиелеп шығу да ұлт көшбасшыларының басты назарында екенін білеміз. Бүгінде соның арқасында қазалылық жастар да әлемдік, ішкі біріншіліктерде оқ бойы озық келеді. Соның айқын дәлелі ретінде қараша айындағы қос қуанышты айтсақ жарасады.
Жексенбі күні Шымкент қаласында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Шаршы алаңға шыққан Қазалы ауданының былғары қолғап шеберлері сәтті өнер көрсетіп, 1 күміс, 2 қола медаль еншіледі.
Жақында Қазақстан бокс тарихында есімі алтын әріппен жазылған Марина Вольнова 8 жылғы үзілістен кейін рингке қайта оралған болатын. 2012 жылы Лондон олимпиадасында қола медаль ұтқан ол ел біріншілігінде де барын салып, екінші орынға тұрақтады.
Ал Сербия, Өзбекстан және Нидерланды елінде өткен халықаралық жарыстардың чемпионы Дәметкен Келімбет пен жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Гүлсая Ержан қола медальді қанағат тұтты. Ел біріншілігінде жүлдегерлер қатарынан көрінген боксшылардың бапкері Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Бақытбек Құлбаев екенін айта кеткен жөн.
***
Осы бір-екі жылдықта Қазалы ауданындағы №204 мектепте ауыр атлетика үйірмесі ашылды дегенде көпшіліктің қуанғаны рас. Онымен қоса бұрынырақ “Әзиз есімді азамат қыз-жігіттерді баптап жатыр” деп газетке басылды. Сол жігіт қазір чемпиондар шығара бастағаны да қазалылықтардың қатардан қалмай келетінінің көрінісі болса керек.
Жақында №17 спорт кешеніне директорлық қызметке тағайындалған Бақытбек Мәмбетжанов қазалылық Аяжан Нұржан есімді қайсар қыз 1-9 қараша күні өткен Қазақстан біріншілігінде алтыннан алқа таққанын хабарлады. Онымен қоса осы айда жерлесіміз Тайсия Алексеева жүлделі үшінші орынға қол жеткізіпті. Қазалылық қайсар қыздардың жігерлілігі көптің сүйіспеншілігін оятатыны хақ. Алдағы уақытта зілтемірші қыздардың алар асуының көп болатындығына сеніміміз кәміл.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
01 желтоқсан 2020 ж. 1 477 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930