Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин карьерасын аяқтау жайында сұраққа жауап берді

Головкин карьерасын аяқтау жайында сұраққа жауап берді

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының YouTube-тегі The Lockdown Tapes арнасына берген сұхбатында карьерасын аяқтау туралы сұраққа жауап берді.
38 жастағы Головкин кәсіпқой рингте 2006 жылдан өнер көрсетіп келеді және осы уақытқа дейін 42 жекпе-жек өткізді.
«Қазір өз ісімнен ләзәт аламын. Отбасым немесе жеке басыма қатысты ұстанымдар кері тартпайды. Бокспен айналысуға уақытым бар, одан рахаттанамын. Ал бокстан ләзәт алмай қалған уақытта бәрін қоятыным сөзсіз. Сонымен қоса, денсаулығым сыр бере бастаса да тоқтатамын.
Қазіргі таңда өзіме жетерліктей жағдай жасадым. Бірақ адамның жаратылысы сол, бәрібір аз болып тұрады. Дамытуға болатын түрлі бағыт бар – рекорд, ақша, жетістік, басқа да – не қалайтыныңа байланысты.
Әл әзірге қарапайым адамның өмірін кешетінімді елестете алмаймын. Өйткені іштегім, боксқа ұмтылысым ешқашан өлмейді. Қазір көрсетіп жатқаным менімен мәңгі қалады, адам өзгермейді», – дейді Головкин.
20 маусым 2020 ж. 396 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930