Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тақтың тағдыры «Астананың» қолында

Тақтың тағдыры «Астананың» қолында

  Кездесудің 9-шы минутында Марин Томасов жойқын соққысымен Стас Покатилов қақпасының алыс бұрышын дәл көздеп, есеп ашты. Бірінші таймның аяғына дейін қайраттықтарда таразы басын теңестіруге бірнеше мүмкіндік болғанымен, Алексей Шпилевский шәкірттері гол соға алмады. 

  Ойынның екінші бөлігін алаң иелері белсенді бастады. Сергей Хижниченко 61-ші минутта есепті еселеп кетті. Абзал Бейсебеовтың соққыға ұқсас пасын 28 жастағы шабуылшы голға ұластыра алды. 

  Қонақтар араға сегіз минут салып, есепті қысқарта алды. Бұрыштамадан кейін қырағылық танытқан қорғаушы Раде Дугалич Ненад Эричтің иелігінен саңылау тапты. Дугалич осы маусымда екінші мәрте «Астана» қақпасына гол соқты. Алматылық жанкүйерлердің өкінішіне орай, «Қайрат» футболшы есеп теңестіре алмады. 

  Ел біріншілігің аяқталуына үш тур ғана қалды. «Қайрат» көш бастап тұр. Екінші сатыдағы «Астанадан» екі ұпай озып тұр. Әйткенмен, елордалықтар бір матч кем өткізген. Сол ойынды ұтса, «Астана» «Қайраттан» бір ұпай озып, бірінші орынға шығады деген сөз. Қалған үш матчта да елордалық команда сүрінбесе, кезекті мәрте Қазақстан чемпионы атанады. Демек, тақтың тағдыры «Астананың» қолында. 
21 қазан 2019 ж. 869 0

МӘҢГІЛІК МҰРА

24 мамыр 2025 ж. 52

РУХАНИ АЗЫҚ ОРДАСЫ

24 мамыр 2025 ж. 52

Жәнібектің жетістігі

23 мамыр 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031