Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық спортшылар әлем чемпионатында жүлделі орын иеленді

Қызылордалық спортшылар әлем чемпионатында жүлделі орын иеленді

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан Əлем чемпионатында жерлестеріміз жүлделі болды.
Тұрсынбай ересектер арасындағы Əлем чемпионатына алғашқы рет қатысып, Қазақстан қоржынына екінші қола медальды салды. Қазіргі таңда Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тəлім алатын Тұрсынбайды жаттықтырушысы Жамиль Жусупов дайындады.
Ал Қамшыбек Қоңқабаев 91 келіден жоғары салмақта күміс жүлдені иеленді.Ол бокстан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері. 2017 жылы Əлем, 2019 жылы Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері. Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, Ұлттық құраманың капитаны.Бүгінде Қ.Қоңқабаев Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тəлім алады. Бапкері - бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалымжан Байғұндиев.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Əлем чемпионатында жерлесіміз Дəулет Ниязбеков 65 келі салмақта күміс жүлдені иеленді.
Ол еркін күрестен ҚР халықаралық дəрежедегі спорт шебері, биыл Шымкент қаласында өткен 5-ші жазғы ҚР спартакиадасының жеңімпазы атанған. 3 дүркін Азия чемпионы. Д.Ниязбеков Жаңақорған ауданының тумасы. Қазіргі таңда Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тəлім алады.Бапкері - еркін күрестен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Əбутəліп Аманов.
23 қыркүйек 2019 ж. 958 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды