Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдың азаматтығы мен пәтерінен бас тартқан қазақ боксшысы

Қытайдың азаматтығы мен пәтерінен бас тартқан қазақ боксшысы

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев Prosports.kz басылымына берген сұхбатында Қытайдың намысын қорғау үшін ұсыныс түскенін алайда өз елі үшін барлығынан бас тартқанын айтты.

Боксшының сөзінше, ол Шамалғандағы әпкесінің үйінде жаттығып жүргенде оған Қытайдан ұсыныс түскен.

Көрші ел 69 келі салмақта жекпе-жекке шығатын бокшсы іздеген екен. Нұрсұлтан тәуекелге бел байлап, келісе кеткен.

"Пекинге жеткен соң, мені бәрі мазақтауға кірісті. Танымайды да ғой. Осал біреуді алып келді деп ойлады. "Қай раундта құлайсың?" деп те сұрап қояды. Он раунд шайқастық, мен жеңіп шықтым. Жиналғандар түк түсінбейді. Бәрі аң-таң. Сөйтсем, мен жеңген боксшы Қытайдың чемпионы екен. Оны кейін білдім және бойы да меннен 10 см ұзын болды", - деп есіне алды Жаңабаев.

Сөйтіп, қытайлықты тізе бүктірген отандасымыз қуанышы қойнына сыймай елге қайтқан. Алайда Нұрсұлтанның айтуынша, елде өзін ешкім елей қоймапты.

Солай жүргенде тағы Қытайдан шақырту келген. Боксшы отанында ешқандай ұсыныс болмағандықтан, аспан асты еліне қайта жол тартады.

Ал қарсыласы 50 жекпе-жек өткізген филиппиндік әккі боксшы болып шығады.

"Қызық жағдай болды. Қытайлықтар менің жеңетініме сеніп тұр. Тек, "бесінші раундтан ерте құлатпа" деді. Бірақ, менің мақсатым қалай болсын жеңу. Екінші раундта бұрышқа тақап ұрып жатқанмын. Қарсылас та есеңгіреп қалды. Жан-жақтан "тоқта, тоқта" деген айғайды естідім.

Сөйтсем, аяқтауға әлі ерте деп жатыр екен ғой. Жарайды деп, қарқынды тежедім. Бесінші раундтан асып кетті. Өзім де шаршадым. Ұрсам қарсыласым құламайды. Әйтеуір, жекпе-жектің аяғына қарай жойқын соққы бағыттадым. Құлады", - дейді Нұрсұлтан Жаңабаев.

Жекпе-жектен соң қытайлықтар қазақстандық боксшыны құттықтап, асты-үстіне түскен. Тіпті, Қытайда қалуын өтініп, барлық жағдайын жасайтынын айтқан.

"Барлық жағдайды жасаймыз деп уәде берді. Пәтер, көлік. Әлем чемпионы боласың деді. Тек Қытай азаматтығын қабылдасам болды. Мен бірден бас тарттым.

Алматыға келіп, Қанат Исламға бардым. ЭКСПО-2017 аясында өтетін бокс кешіне дайындалып жатқан еді. Мен де бірге жаттықтым. Кәдімгі кәсіпқой боксшы ретінде. Сол кеште шаршы алаңға шығып, тағы жеңіске жеттім. Сосын тағы бәрі тыныш.

Америкаға кеткім келді. Бірақ, виза ала алмадым. Бір жыл бойы жұдырықтаспадым. Қанат Исламға тағы бардым. Ол кісі бапкер Сағатбек Мұсахановқа баруға кеңес берді. Мұсаханов секілді мықты маманның қол астында жүргеніме өте бақыттымын", - дейді боксшы.

Сұхбат барысында Нұрсұлтан Жаңабаев мақсаты-әлем чемпионы болу екен, келесі жекпе-жегін һҚазақстанда өткізуі мүмкін екенін айта кетті.
nur.kz
04 қыркүйек 2019 ж. 832 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 89

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930