Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Уәде берді": Ақтөбелік қыз экс-әкім Бердібек Сапарбаев сөзінде тұрмады деп налып отыр

"Уәде берді": Ақтөбелік қыз экс-әкім Бердібек Сапарбаев сөзінде тұрмады деп налып отыр

Ақтөбелік Нарқыз Исимова облыстың бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаевтан бес айдан бері хабар күткен. Ендігі ол экс-әкімнің сөзінде тұрмағанын айтып, налып отыр. Қыздың сөзінше, Сапарбаев оған аяғын ұзарту үшін шетелде жасалатын отаға ақша беруге уәде етіпті.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа жылда облыстың экс-әкімі Нарқыздың үйіне құттықтап келген екен. Сол кезде қатты қуанған қыз Сапарбаевқа арман-мақсаттары туралы айтыпты. Оны асықпай тыңдаған шенеунік аяғын ұзарту үшін шетелде жасалатын отаға ақша беремін деп уәде еткен көрінеді. Содан бері Нарқыз үміт үзбей, хабар күтіп жүр екен. Тіпті, Ақтөбеден елордаға ауысқан министрдің суретін бөлмесіне сақтап қойған.

«Арманыма жетуге ақырындап қадам жасауға көмектесемін деп уәде берді. Сол уәдесі әлі ішімде. Уәдесін күтіп отырмын», - дейді Нарқыз Исимова.

Қазір жасы 18-ге толған Нарқыздың диагнозы – туа бітті хондродистрофия. Яғни аяқ-қолының қысқаруы. Бұған дейін ол Украинаға барып, қолын ұзартып келген екен. Ендігі аяғын ұзартқысы келеді. Ол үшін отаның өзіне кем дегенде 6-7 мың АҚШ доллары қажет көрінеді. Ал Сапарбаевтың уәдесінен кейін әкімдіктен де хат келген. Онда Нарқызға материалдық көмек көрсету үшін мүмкіндіктер қарастырылып жатқаны жазылған.

Ал экс-әкім Сапарбаевтың тапсырмасын алдық деген денсаулық сақтау басқармасындағылар шешімнің енді қабылданатынын айтты.

«Ол тапсырысты алдық. Сол себепті оны Нұр-Сұлтанға кеңес алуға жіберіп отырмыз. Шешімі маусымда рентген жасалғаннан кейін шығады», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

Ал Нарқыз өзіне уәде берген Бердібек Сапарбаевтан әлі де жеке хабар күтетінін айтады.
30 мамыр 2019 ж. 966 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930