Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезең жауапкершілігі

Кезең жауапкершілігі

Дәстүрлі Жолдауды «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының облыстық филиал қызметкерлері де талқылады. Тарих ғылымдарының кандидаты Гүлнар Оспанова жүргізген шарада құжаттың негізгі бағыттарына басымдық берілді. Елбасы айқындаған 10 негізгі міндет ел экономикасының дамуына жасалған нақты жоспар екені, жаппай цифрландыру мүлде жаңа саланың пайда болуына әкелетіні айтылды.
– Жолдауда адами капитал индексін мемле­кеттің жаңғыру негізі ретінде дамыту мәселесі көрсетілген. Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына ерекше мән беріліп отыр. Бұл құжат – жүзеге асырылған барлық реформалардың әлеуметтік бағыт­ты­лы­ғының айқын куәсі. Мұнда Президент ел болашағын тәрбиелейтін ұстаздар еңбекақысының артатыны туралы да мәлімдеді. Тәуелсіздік мерейін үстем ететін кемел бастама қолдауға лайық. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Ертеңіміздің еңселі болуы үшін, дамыған 30 мемлекеттің қатарынан табылу үшін әрбіріміздің қажырлы қайратымыз қажет, – деді Г.Оспанова.
Басқосуда қатысушылар бірауыздан Жолдауды қолдайтынын, нақтыланған бағыт-бағдарды жүзеге асыруға бірлесе жұмыс жасайтынын жеткізді.

М.СНАДИНҚЫЗЫ.
21 қаңтар 2018 ж. 1 217 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 102

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 107

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 79

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031