Оқушыларға берілетін тапсырманың қаншалықты жеңілдейтіні белгілі болды
“Біз қазір оқушыға артылатын жүктемені азайту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Санитарлық талаптарға оқу бағдарламасын 5 күнге сыйғызуға мүмкіндік беретін нормалар енгізілді. ҚР БҒМ бұйрығында бұл нормалар барлық білім беру топтары үшін нақты көрсетілген. Үйге берілетін оқу жүктемесі 150 минуттан аспауы тиіс, бұл да біздің бұйрықта көрсетілген”, -дейді вице министр Бибігүл Асылова
Сонымен қатар, оқушыларға берілетін тапсырманың қаншалықты жеңілдейтіні туралы да айтты.
“Өткен жылы ҚР БҒМ «Үй тапсырмасын реттеу туралы» бұйрығы қабылданды. Бүгінде балаларға берілетін үй тапсырмасының үштен бірі қысқартылды. 1 қыркүйектен бастап, бұл құжат нормативті деңгейде күшіне енді”, – деді вице министр.
Оның айтуынша, бұл мәселе педагогикалық жиындарда кең талқыланып жатыр. Білім жүйесіндегі өзгерістер туралы ақпарат өңірлік деңгейдегі білім беру қызметкерлеріне де хабарланды.