Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көптің көкейіндегі мәселе көтерілді

Көптің көкейіндегі мәселе көтерілді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде ауқымды әлеметтік жобалар мен іс- шаралар жүзеге асырылып жатыр. Жақсылықтың жалғасындай бүгін Ел Президенті «Бес әлеуметтік бастаманы» жария етті. Оның әрқайсысы біздің халқымыз үшін үлкен берекенің бастауы.
Елбасының бірінші тапсырмасы қазақстандық әр отбасын баспанамен қамтамасыз ету қажеттігі мен оған мүмкіндік қалыптастыру жайында болды. Ол үшін берілетін несиеге алдын ала төлемді 20 пайызға дейін азайтып, ал несиені өтеу мерзімін 25 жылға дейін ұзарту керегін айтқан Мемлекет басшысы бұл бағдарламаны «7-20-25» деп атады және несиенің жылдық мөлшерін 7 пайыздан асырмайтын талапты атап өтті.
Жастар үшін баспана – ең басты мәселе. Тұрғын үйге қолжетімділік бастамасы – көптің көкейінде жүрген өзекті мәселені көтерді. Қолжетімді тұрғын үймен қамтуда мемлекетіміз бұған дейін біршама бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Дегенмен, соның өзі жеткіліксіз, баспанасыз жүрген отбасылар әлі де жетерлік. Үндеудегі әрбір жұмыс істейтін адамның несиеге пәтер сатып алуы отбасы бюджетінің мүмкіндіктерін қарастыра отырып жүргізілетіндігі де тамаша идея. Елбасы өзі көтерген мәселенің дәл нақты шешімін де ұсынды. Бағдарламаны іске асыру тұрғын-үй нарығына зор серпін беретіндігі сөзсіз.
Әділбек САРАБЕКОВ,
«Қазалы Строй Сервис» ЖШС директоры,
аудандық мәслихат депутаты.
13 наурыз 2018 ж. 3 270 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 588

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 031

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031