Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерейлі міндет жүктейді

Мерейлі міндет жүктейді

Жастардың болашақта үш тілді еркін меңгеруіне жағдай жасау – қазақстандықтардың кез келген елде еркін жұмыс істеуіне арналған мүмкіндік екені белгілі. Болашақ ұрпағымыз қажетті деңгейдегі үш тілді білу арқылы өзге елдердің іс-тәжірибелерін зерттеп, салыстыра жұмыс жасауға жол ашады. Елбасының жастарға салмақты үміт артуы еліміздің экономикасын дамытуға үлес қосатын жас дарындардың қалыптасуына үлкен септігін тигізеді. Бұл – үлкен мақсатқа жетудің алғы шарттарының бірі.
Ел Президентінің «Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет» деп атап көрсеткен пікірі қазіргі кездегі кейбір орынсыз аударылған балама терминдердің өміршең емес екендігін көрсетеді. Яғни қазақ терминологиясын халықаралық деңгейге лайықтау тәсілдерін қайта қарастыру терминологиялық комиссияларға үлкен міндет жүктейді. Осы тұстан қарастырғанда латын әліпбиіне көшу мәселесі білім және ғылым саласындағы көптеген түйткілдерді шешетіні сөзсіз. Жақында Президент Жарлығымен латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиі бекітілді. Латын таңбасына көшуге жан-жақты қолдау көрсету, білім беру саласы қызметкерлеріне, оның ішінде қазақ тілі мамандарына үлкен міндет жүктейді. Себебі жас ұрпақтың толыққанды білім алуы мен құзыреттілігі қалыптасқан тұлғаға айналуы мұғалімнің шеберлігіне, кәсіби біліктілігіне, жан-жақты ізденімпаздығына және шығармашылығына тікелей байланысты. Ұлттың әлеуетін арттыру, еліміздің мәдениеті мен тілін дамыту жас ұрпақты тәрбиелеуден бастау алатыны сөзсіз.
Райхан CАДУАХАС,
№70 мектептің мұғалімі.
10 сәуір 2018 ж. 1 769 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 142

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 152

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 165

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 152

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 129

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 152

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031